Жаңа бейнеде жаңғыртылған тарихи мешіт.

Жаңа бейнеде жаңғыртылған тарихи мешіт.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дана халқымыз «Бұрынғыны айтпай, соңғы еске түспейді»,- деп тұжырымдауының сырында терең мән-мағына жатыр. Әрқандай жаңа дүние күн өте тарих қойнауында қалатыны шындық. Ал шындыққа арқау болатын бағалы мұраны қастерлеп, қадіріне жету үшін бабалар аманатына қиянат жасамай, дұрыс қалпын құратпай, дер кезінде қадіріне жету адамдық асыл қасиеттің белгісі.

 

Тұңғыш қазақ даласына Асыл дініміздің тамыр тартып, адамдар жүрегіне жол табуы үшін ғұламалар жарғақ құлағы жастыққа тимей, білім алу жолында талықпай ізденіп, соңына салихалы ұрпақ қалдыру үшін, шәкірт тәрбиелеп, мешіт-медресе тұрғызғаны, бүгінгі көне мешіттердің әлі де сақталып келуінің сыры содан болса керек. Ислам дінін тек бір ұлттың бақыты үшін емес, тұтас адамзат баласының рухани бұлағы, жанған шамшырағы. Көне шаһар Тараз төріне орналасқан ғасырлардың құрдасы болған екі мешіт бар, бірі! «Әулие-ата» мешіті, екіншісі « Әбдіқадыр мешіті»

 
Біз осы шағын мақаламызда екінші мешіт « Әбдіқадір мешіті» туралы сөз етпекпіз. Аталмыш мешіт 1906-1912 жылдар аралығында Тараздық Әбдіқадыр деген байдың қаражатымен қос мұнаралы болып бой көтеріп, халықтың құлшылық етуіне беріліп, жанынан медресе ашылып жастардың сауат ашуына қолайлы орай жаратып, бірқанша молдаларды тәрбиелеп шығарған. Кейін кеңестік үкіметтің дінсіз көзқарасы бойынша, мешіт атауынан айырылып, түрліше заттарды сақтайтын қойма, қала берді ат қорағада айналған. Кей жерлері адамдар қолынан ауыр дәрежеде бүлдірліп, не бары 8-10 метірлік мұнарасы қалып, әбден тозығы жеткен күйге түсіп, сүреңсізге айналған. Тәуелсіздік алғаннан кейін, қайтадан мешіт атына ие болып, халықтық ғибадат орынына айналған.

 

Деседе адамдар армандаған зәулім мұнара тозып, көз тартар көркі жоғалу дәрежесіне жете бергенде, осы мешітке 2010 жылдың августінде діни біліктілігі бар, Сонау мысыр елінен білім алып, Қари дәрежесіне ие болып оралған Ахметов Айнабек Қалдарбекұлы бас имам болып тағайындалады. Содан бері білікті имам, өнегелі ұстаз Айнабек, мешіттің тозығы жеткен бейнесін қайтадан заманауи үлгіде жаңарту үшін, кәсіпкер азаматтарға көмек беруді өтініп, дініміздің құндылығы үшін кеңестер беріп, азаматтардың атаған қаражатына 2011 жылы бірінші майдан бастап жөндеу жұмыстары қолға алынып сол жылдың желтоқсанында мешіт толықтай жаңарған бейнеде тұрғызылған. 2012 жылы дәрет алатын орны бүкілдей өзгертіліп жаңадан салынған. Содан кейін мешіт ауласы түрлі гүл шөптермен безендіріліп толықтай абаттандырылған. Бүгінгі күні заманауи үлгіде көркі көз тартып жамағаттың ғибадат ететін жайлы орынына айналды.

 

Жаңа бейнеде бой көтерген мешітті ҚМДБ - ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла - Тарази » мешітінің бас имамы Жұма күні көзден кешіріп мешіт мінберіне шығып жамағатқа уағыз насихат жүргізіп, соңынан мешіт жанындағы медресенің сауат ашу курсына жастардың келіп білім алуына толықтай мүмкіндік бар екенін ұғындыра келе мешіттің жаңаруына еңбек еткен Айнабек имамды ҚМДБ діни бірлестігінің төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан құттықтады. Бүгінде мешіт жанындағы медреседе 10 ер бала 15 қыз күнделікті дәріс алуда. Мешіттің өзгеде кіріс - шығыс жұмысымен әкімшілік басқаруына ұзақ жыл еңбек еткен Есембеков Нұрғали Қырғызбайұлының еңбегінде атамасқа болмайды. Ынтымақ пен іс жүргізіп ақылмен жұмыс бастаған адамның есігінен бақыттың шүлен шуағы шашырап, Алланың мол ырыздығы жауатынын пайғамбарымыз ( с.ғ.с ) өсиет еткен болатын. Игілікті жұмысты орындаған «Әбдіқадыр» мешітінің бас имамы Ахметов Айнабек Қалдарбекұлымен, имамның көмекшісі Есембеков Нұрғали Қырғызбайұлын аз-кем сөзге тартқан едік. Сол кісілердің сөзін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

 

 http://gifok.net/images/2013/07/01/VBiAQ.jpg

 


Ахметов Айнабек Қалдарбекұлы. Біз бұл атқарған жұмысымызды, біреуге көрсету, я болмаса мақтауға ие болу үшін жасамадық. Мақтау күллі ғаламның Жаратушысы бір Аллаға лайық. Біздікі болса, Алланың діні жолында адал қызмет өтеп, халыққа дұрыс бағдар көрсетіп, жамағатты туралыққа шақыру. Халықтың имандылыққа бет бұрып, ақиқатты тануына себепкер болу, заңсыз діни ағымдардың еліміздің тыныштығына залал тигізбей, Адамзаттың ардақтысы, күллі ғаламның рахметіне жіберілген пайғамбарымыз (с.ғ.с) ның үмбетіне лайық жұмыс атқару, бар төрелік тек Аллаға аян.

 

 http://gifok.net/images/2013/07/01/8l62U.jpg

 

Есембеков Нұрғали Қырғызбайұлы, мен ұзақ жыл мешіттің, кіріс -шығыс басқару жұмысында еңбек етіп келемін. Көп армандаған мешіттің жаңадан тұрғызылу жұмысы Алланың қалауымен сәтті аяқталды. Көне мешіттің бүгінгі заман талабына сәйкес күрделі жөндеуден өтуі айтқанға оңай болғанымен, өзіндік қиындықтары да болмай қалған жоқ. Тек мешітті жөндеу мұнымен тоқталып қалмайды. Тағы да алда ойлаған жоспарларымыз да жоқ емес, Алла қаласа барлығы жүзеге асар деген ойдамыз.

 

Көгедай Шәмерханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: