Меркі аудан әкімшілігінде өткен жиын.

Меркі аудан әкімшілігінде өткен жиын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімшілігінде 27-ші маусым 2013 жылы жат ағымдардың, экстремизм, терроризмнің алдын алу шаралары жөнінде аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, ұлттық қауіпсіздік коммитетінің ұйымдастыруымен жиын өтті.


Жиынға қатысқандар: ауданның бас имамы Б.Қасымалиев, Найб имам Н.Жанықұлов, «Қарабала Төре» мешітінің имамы А.Абдразақов, өзбек диоспарасының төрағасы Хасанов Бахадур, ұйғыр диоспорасының төрағасы Омар Тілебалдиев, өзбек, ұйғыр ағайындар қатысты.


Бірінші болып сөз алған аудан имамы Батырбек қажы бүгінгі күнде күн тәртібінен түспей жүрген, елді алаңдатып жүрген жат ағымдар мен экстремизм-терроризм жайында сөз өрбітіп, осындай жаман пиғылды қара ниет Ислам дінімізге қара жағушылармен көпшілік болып күресу керектігін үндеді. Сол бағытта жүргендер әлі де болса Ислам дінін жетік түсінбеуде. Негізінде Ислам діні ынтымақ пенбірлікті үндейтін, дұшпанына жаманшылық ойламай, керісінше Аллаһ тағаладан жарылқау тілеп, тура жолда болуын үндейді.


Жас ұрпақты тәрбиелеу отбаснан басталу керектігін, осы дүниеде және ақыретте жауапты екенін айтты. Әрине қоғам соның ішінде бала тәрбиелейтін балабақша, мектеп сырт қалмауы керек. Бас имам осы мәселе тұрғысында қасиетті Құран кәрімнің аяттарынан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистеріне тоқталып, көптеген ғибраты мол адам баласына ой салатын өмірде өткен оқиғаларға тоқталып мысалдар келтіріп өтті.


Жиын барысында найб имам Н.Жанықұлов, «Қарабала Төре» мешітінің имамы А.Абдразақов, өзбек диоспорасының төрағасы Хасанов, ұйғыр диоспорасының төрағасы Тілебалдиев өз ой пікірлерін ортаға салып, ең бастысы еліміз тыныш, бейбіт заманда өмір сүру үшін қоғам болып, жаман пиғылда жүргендермен күресуіміз керектігіне тоқталды.


Жиынды қорыта келе, қатысушылар бір ауыздан алдағы уақытта осындай жиындар көптеп өтіп тұруына, ескертулер жасалып, келесі жиында ауданға қарасты барлық елді мекендегі ауыл әкімдері, полиция инспекторлары, Меркі ауылында тұратын өзге де ұлт өкілдері қатысса деген пікірлер айтылды.

 


Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

«Меркі-ата» мешіті А

мангелді қажы Беделбайұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: