Жаңа имамға жарқын қадам.

Жаңа имамға жарқын қадам.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің Найб имамы қызметін атқарып келген Азизов Рамиз Асимовичті наиб имам қызметінен ауыстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының № 850 бұйрығына сәйкес, аталмыш «Байзақ баба» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Маусымның 28 күнгі жұмада ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Аманбаев Ержан Маханұлы «Байзақ баба» мешітінде Жұма уағызын жүргізіп, наиб имам қызметінен бас имам дәрежесіне көтерілген жаңа имамды жамағатпен таныстырып құттықтап, ақсақалдардан бата бергізіп, жаңа имамға «Асыл дініміздің өркендеп, өңіріміздегі діни теріс ағымдардың, халықты адастырмау жолында тер төгіп, халықпен, басшылық өргандармен етене ынтымақта жұмыс атқарып, діни ахуалдардың дер кезінде шешілуіне атсалысып, жақсылыққа жаршы бола біліп, мешітте шәкірт тәрбиелеп, халықтың рухани сауаттылығын арттыру жолында көптеп көмек көрсету керектігін айта келе, әрқандай діни патуәларді тек ҚМДБ- ның тарапынан мақұлданған үкім бойынша атқару барлық имамдардың міндеті екендігін түсіндірді». Асыл дініміздің өркендеп дамуы мен халықтың діни сауаттылғын арттыру жолында имамдарға жүктелетін міндет пен талап ауыр, имамдар өз қызметінің үдесінен шығатынына сеніміміз кәміл. Алла әр мұсылман баласының мерейін үстем еткей.

 

Көгедай Шәмерханұлы

 

http://gifok.net/images/2013/06/29/gu6hF.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/29/GnocI.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/29/DREQA.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: