Өкіл имам журналистерді мерекесімен құттықтады.

Өкіл имам журналистерді мерекесімен құттықтады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы, Қазақстан Республикасындағы журналистер күніне орай, асыл дініміздің БАҚ-та жариялау арқылы кең көлемде халыққа насихаттауға атсалысқаны үшін өңіріміздегі журналистерді құттықтап, ризашылығын білдіріп, ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес, журналистерге мешіт әкімшілігі атынан дастархан жайды.

 

Сонымен қатар, өңірдегі «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі жазушы Көсемәлі Сәттібайұлын, Облыстық «Арай» газетінің тілшісі Есет Досалыны, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының иман айдаршасын жүргізуші Жалғас Саңғылұлын «Қазақстан-Тараз радиосының» Райхан Шәрбекқызын, Облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Болат Жаппарұлы сынды бірқатар журналистерге диплом громаталар табыстады.


Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында өкіл имам журналистерге алда талай жұмыстардың атқарылатынын айта келе, асыл дініміздің өркендеуі үшін баспасөз беттері мен көгілдір экранда шығарылып, халықтың діни сауаттылығын арттыруға бірлесе жұмыс жасайтындарына сенім білдірді.

 

Көгедай Шәмерханұлы

19:18:57

 

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/OIvi.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/rkIRS.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/ZJRSC.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: