Айлардың сұлтаны - Рамазан жайлы жиналыс өтті.

Айлардың сұлтаны - Рамазан жайлы жиналыс өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінде аудан-қала имамдарының басын қосқан жиналыс болып өтті.

 

Жүйеден айтар болсақ, жиналыс ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының бастамасымен ұйымдастырылды.

 

Жиналыста талқыланған мәселеге тоқталсақ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің, ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлерінің, өкіл имамдардың қатысуымен төралқа мәжілісінде талқыланған 17 мәселе төңірегіндегі тапсырмаларды мұқият орындау, сол тапсырмаға негізделіп шынайы іс жүргізу барысы туралы ортаға салынды.

 

Алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айының ерекше түспен аталып өту керектігі және имамдардың халықпен етене ынтмақта болып, қасиетті Рамазан айын жалпы халыққа жеткізу үшін, имамдардың өздері жұмыс атқарып отырған жергілікті басқарма орындардың басшыларымен селбесе отырып, көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда, көшелерде, мешіт аулаларына, т.б орындарға «Ораза қабыл болсын» деген әшекейленген жазуы бар банерлер ілінуі, халыққа оразаның қасиеттерін түсіндіріп, ораза ұстауға ынтасын арттыру керектігі, Жұма уағыздарында Рамазанның қадыр-қасиеті, ерекшелігі, исламдағы парыз болуының үкімі жайлы уағыз нсаихат айтылып, ауыз ашарға, көп балалы отбасыларды, қарттар үйіндегі қарттарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін, соғыс ардагерлерін, шақыру керектігі айтылып, Рамазан айының ерекше аталып өтуін пысықтап, және де ҚМДБ-да өтетін Республикалық Құран оқу жарысына қарилардың қатысуына ықпал жасауды, «Һибатулла Тарази» мешітінде жастар арасында құран оқу жарысы ұйымдастырылатынын жеткізе келе, «Нұр-Мүбарак» университетіне өкілдіктегі медресеге шәкірт даярлау, «Зекет» қорының жұмысына да атсалысу керектігі тапсырылды.

 

Көгедай Шәмерханұлы

 

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/BuecX.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/T4DFy.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/tB7xl.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/27/x3R8h.jpg

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: