Қордай мешітіндегі діни сауат ашу курсының ұл балаларға арналған бөлімінің салтанатты жабылуы.

Қордай мешітіндегі діни сауат ашу курсының ұл балаларға арналған бөлімінің салтанатты жабылуы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ тағаланың қалауымен, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бұйрығына сәйкес және аудан имамы Ә.Шалбайдың ұйытқы болуымен ауданымызда балалардың жазғы демалыс кезінде діни сауат ашу курсы немесе имандылық лагері осы жылы да өз жұмысын бастап кеткенін алдында хабапрлағанбыз. Курстың басты ұстанынымы «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп және басқаларға үйреткендеріңіз» деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисі және ұлт педагогі Ы.Алтынсарин атамыздың «Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық» деген үндеуі болды. Сағат 9.00 басталатын дәрістерге үлкен-кіші болып ағылып жатқан балаларды көріп жүрегің қуанады.

 

Бүгінгі күні шәкірттер жан-жақты ислам дінінен сабақтар алып, 40 тан астам шәкірттер оқып білімдерін арттыруда.Балалардың жас ерекшіліктері және қабілеттері ескеріліп екі топқа бөлініп сабақтарға кірісіп кетті. Әрбір игі істе Аллаһтың мейірімі мен жеңілдігі болары сөзсіз.

 

Соның дәлелі халық өз балаларын оқуға мешітке әкеліп жатса, енді біреулері демеушілік көрсетіп сол балаларға деп түрлі тәтті дәмділермен қамтамасыз етіп жатты. Шәкірттер арасында діни мерекелер аталып өтумен қатар, ептілік пен алғырлыққа баулыйтын түрлі жарыстар, ойындар ұйымдастырылды. Курстағы шәкірттер оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Шәкірттер араб тілі әліппесін («мұғалим сани» кітабы бойынша) үйренеді. Сондай-ақ Құраннан сүрелерді оқып жаттайды, дастархан дұғасы мен тамақтану әдептері секілді мінез-құлыққа қатысты имандылық негіздерінен сабақ алады.Иман негіздер және мұсылман әдебі атты дәрісте Аллаһ тағаланың ұлылығын, Оның жалғыздығы айтылып, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өнегелі өмірі айтылып, мұсылманның ата-анасы алдындағы, жалпы қоғам алдындағы міндеттері және Исламның негізгі құндылықтарының бірі бейбітшілікті сақтау, отанына, халқына пайдалы болу сияқты тақырыптарда дәрістер өтті.

 

Балаларға бір мезгіл ас-ауқат беріліп, бесін намазынан кейін үйлеріне барып тынығып келген балалар түскен кейін келіп үй жұмыстарын ұстаздармен бірге дайындап, уағыз насихат тыңдап, салауаттылықтың негізі ретінде күнделікті стадионда футбол ойнап бойларын сергітті. Ауа райының түрлі болуы да ескеріліп жаңбырлы күндері «Мұхаммед соңғы пайғамбар» атты бейне мультфильм, отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу және ұлт тарихына шолу мақсатында «Жаужүрек мың бала» атты ұлттық киномотография туындылары көрсетілді.

 

Әлбетте қазіргі таңда көп мәселе кадрға келіп тіреледі. Аллаһқа шүкір оның оңтайлы шешімдері табылған. Курста білікті ұстаздар сабақ берді. Жұмабек Бақұстар, Өмірзақ Оспан, Макешов Батырхан сынды үлгілі шәкірттерімізбен мақтана аламыз. Курстың негізгі мақсаты балалырымызды төл дінімізбен таныстырып оның қағидаттарын үйрету болса, екінші көздеген мақсаты діни сауатты ашу. Яғни қазіргі заманда қандай да бір маманнан діни шиеленістердің себебін сұрасаң діни сауатсыздық деп атап көрсетеді. Сондықтан балалардың діни сауатын ашу арқылы оларды секталардың шырмауынан, түрлі ағымдардың арбауына түсіп кетпей, біреулердің саяси қолшақпары болып кетпесе деген ниет болған.

 

Мінекей бүгін осы жақсылықта өз мәресіне жетті. Кеше ғана емтихан тапсырап еңбек еткен шәкірттер бүгін өз жетістіктерімен ата-анасын және ұстаздарды қуантуда. Ендігі мақсат баланың еңбегін лайықты бағалау болды. Ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай демеушілер іздестіріп, дінге жан ашыр ағаларымызда бұл істен шет қалмай қол қабыс берді. Атап айтсақ курқа қатысқан барлық балаларға кішігірім сыйлық тақия,микс, түрлі кітаптар сыйланса, оқуда үздік болған Ясин сүресін жаттап бірінш орын йеленген Өмірзақ Оспан 10 000 теңге, екінші орын алған Жұмаділ Бақұстар 7000 теңге, үшінші орынға йе болған Макешов Батырхан 5000 теңге сыйлық, Жүз ғамма парасын жаттаған кіші топтардан бірінші орынға йе болған Байтуров Олжасқа 10 000 теңге, екінші орын алған Нұрқул Елдияр, үшінші орынға йе болған Заманбеков Жолбарысхан 5000 теңге сыйлық үйлестірілді.

 

Жүлделі орынға йе бола алмай қалған ынталы оқушыларға мақтау қағаздары берілді. Курсты жабу салтанатында сөйлеген сөзінде ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай діндар адамның екі дүниеде табысты боларын тілге тиек етсе, мешіт алқа мүшесі, ауыл ақсақалы Өмірзақов Нұрғали атамыз балаларға алған бағыттан таймай, ата-баба дінін мық ұстап дінге, елге қызмет ету керектігін айтып ұстаздарға разылығын білдіріп, бүлдіршіндерге өз батасын берді. Ә.Шалбай ата-аналарға өз разылығын білдіріп, ауа-райының әр түрлігіне қарамастан, демалыс кезіне қарамастан, түрлі қауырт әңгімеге қарамастан балаларын мешітке жібергендері үшін алғысын білдірді. Қазақи дәстүр бойынша медресе асханасында кең дастархан жайылды.

 

Дастарханға ата-аналар, ұстаз және дастарханның жайылуына басты себеп болып отырған шәкірттер отырды. Ауыл ақсақалы Нұрғали ата дастарханға өз батасын берсе, шәкірттер екі аптада жадына сақтап үлгерген дастархан дұғасын жасап көңілден шықты. Аталмыш игі шара тоқтап қалған жоқ, ендігі кезекте болашақ бесік тербелейтін аналар, бүгінгі қыз балаларға арналған курспен жалғасады. Қыз балаларға арналған сауат ашу курсы 19 маусымнан бастап өз жұмысын жалғастырады. Я, Раббымыз мұсылман ұрпағын, еліміздің болашағын тәрбиелеу ісінде бізді шет қалдырмай осы жолда жанымызбен де, тәнімізбен де және малымызбен де еңбек етуді нәсіп ете гөр! Әмин!


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/Qt7s0.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/3PQF6.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/Tmpuy.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/k4uIx.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/doFRj.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/SkE1r.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/cSI9n.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/YtJBr.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/6OtB.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/gc1p.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/BpPg3.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/ArBR8.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/16/qtaSA.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: