Дін бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті.

Дін бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында дін бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Өрнек ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

 

Құрамында Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Сариев, Жамбыл ауданы прокурорының аға көмекшісі Е.Төлепбергенов, орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғ.Әмірбеков бар АНТ мүшелері Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы аясында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Өрнек ауылдық округінің әкімі Қ.Темешбаев жиналған жұртшылыққа келген кісілерді таныстырып, АНТ мүшелеріне сөз берді.

 

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Сариев өз сөзінде дін мәселесін тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында насихаттық топ құрылғандығын, осы мақсатта діни бірлестіктердің жұмысын реттейтін жаңа Заң қабылданғандығын және тек заң аясында жұмыс жасалатындығын жеткізді.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты бекітілгенін айтты. Осы стандарт шеңберінде Әділет басқармасынан тіркеуден өтпеген «Айнакөл» мешітін намазхана ретінде тіркеуге болатындығын айтып, осы мақсатта намазхананың құжаттарын заңдастыру қажеттігін жеткізді.



Өз кезегінде сөз алған аудан прокурорының аға көмекшісі Е.Төлепбергенов ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын тұрғындарға қарапайым тілде түсінікті етіп айтып өтті.

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғ.Әмірбеков діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмыстары кезінде Өрнек ауылында екі мешіттің біреуі ғана тіркеуден өткендігін, екінші мешіт намазхана ретінде тіркеліп, ҚМДБ-ның қарамағына өту қажеттігін және құжаттарын заңдастыру қажеттігін атап өтіп, намазхананың жұмысы сол себепті тоқтап тұрғандығын жеткізді. Сонымен қатар намазхана болғандықтан бұл жерде бес уақыт намаз бен жұма намазы оқылмайтындығын жеткізді.



Кездесу барысында АНТ мүшелері тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға толық жауаптар берді. Аталған кездесу Жамбыл ауданына қарасты Жалпақтөбе ауылында да өз жалғасын тапты.


Арнұр Көбейханұлы,
Жамбыл ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: