Мойынқұм ауданында сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Мойынқұм ауданында сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)ға ең алғаш жіберген уахиі оқу білім турасында екені қасиетті Құранның Ғалақ сүресінің алғашқы аятында айтылған. Ислам діні әруақытта адам баласын оқып-білуге, білмегенді үйренуге шақыруда. Осыған байланысты ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша жылда Мойынқұм мешіті жанынан сауат ашу курсы жұмыс істеп келеді. Биылғы жылы да мектеп жасындағы оқушылардың жазғы демалыстарын ұтымды пайдалану мақсатында маусым айының 3-ші жұлдызынан бастап сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп және оны өзгеге үйреткендерің» деген хадисіне амал еткен аудан имамы Үрпеков Қуат және облыстық мешіттің жанындағы «Һибатулла Тарази» медресесінен арнайы жіберілген шәкірт Қалмұратов Рүстем сауат ашу курсында дәріс жүргізуде.


Оған қоса дүйсенбіден бастап Жамбыл ауылындағы «Жексенбай ата» мешітінің жанында 20 балаға бір ай бойы демеушілер көмегімен лагерь ұйымдастырылып, өз жұмысын бастады. Лагерьде ауыл имамы Исаев Зият дәріс жүргізіп, балаларға тәрбиешілік жасауда. Мұнда балалар жатын орын, төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.

 

Р.СӘРСЕНОВ.

 

http://gifok.net/images/2013/06/03/VMADC.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/03/qQdNg.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: