Қайырымдылық.

Қайырымдылық.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі - қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар),- дейді.


Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет» (хадисті Әбу Һүрайрадан (р.а.) имам Мүслім),- деген.


Жақсылыққа жақсылық
Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды,-демекші
кей асыл жанды аналарымыз, Аллаһтың разылығын, баланың жетімсіремеуін қалап 2-3, жетім қыз-балаларды асырап отыр.
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді.


Жаман күліп кетеді,- дейді. Бұл кісілер, балаларға ешкім күлмесін деп, жетім демесін деп солардың анасы және әкесі болып отыр.
Ол кісілерге Аллаһ разы болсын, азғана көмегіміз болсын деп қайырымдылық жасадық. Сондықтанда әрбір адамның міндеті иманды болу, әр мұсылманның міндеті жәрдем ету. Мына сөзді барша мұсылмандарға айтқым келеді:
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.

 

Талас ауданы «Қаратау» мешітінің найб имамы
Оразбаев акбар

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: