Шәкірт-болашақ ұстаз.

Шәкірт-болашақ ұстаз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамағат сауаттарын жетілдіруде. Ассалауму алайкум! Құрметті мұсылмандар. Қазір халықтың дінге деген, ілімге деген ықыласы жақсы. Сондықтанда, біз оларға ілім алсын деген ниетпен, ол кісілерге мүмкіншілігімізше оларға ынғайластырып, күндіз және кешке сабақтар жүргізіп отырамыз. Ислам діні белгілі, ілімге өте қатты қөңіл бөледі. Сондықтан Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай: «Әрбір мұсылман ер кісі мен әйел, ислам білімдерін үйрену парыз»,-деген. Бұл хадис шәриф, Аллаһ Тағала ризалығына сай ілімдерді үйренуге әмір етуде. Содықтан ілімді дұрыс меңгергеніміз дұрыс.


Бауырымыз Үкібаев Бақыт, өзіміздің «Һибатулла Тарази» мешітіміздің медресесінен келген шәкірт, өз тәжірибесін арттыруда. Алған ілімін үйретуде. Ілім үйрету ең сауапты әрі қадірлі іс болып табылады. Қасиетті Құранда Зүмар сүресінің, 9-шы аятында: "Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?",- делініп көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, "Садақаның ең жақсысы-ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету"- деп хадистерде де ілім үйренушінің мәртебесін көтеріп, ерекше үлкен мән берген. Бақыт бауырымыз, сонымен қатар білімнің маңыздылығы жайлы уағыз айтты. Ол бауырымызға Аллаһ разы болсын!


Қасиетті Құран Кәрімде, «Білмесеңдер, ілім иелерінен сұраңдар»,-деген. (Әнбия сүресі,7). Ілім үйренудің маңызы, құндылығы өте көп. Айта берсек таусылмайтын қазына. Сондықтан мына бір сөзді айта кеткім келіп отыр: «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,-деп Ж.Ж.Руссо айтқан екен.


Талас аудандық «Қаратау» мешітінің найб имамы
Оразбаев акбар

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/ytsW9.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/RK2p1.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: