Шекара жауынгерлерімен кездесу.

Шекара жауынгерлерімен кездесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2093 әскери бөлімі Меркі (теміржолдық) шекара бақылау бөлімшесінде жат ағымдар мен дәстүрлі дініміздің ара жігін ажырату тақырыбында іс-шара өтті. Оған Меркі ауданының бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы, ауданның ұлттық қауіпсіздік коммитетінен, осы аталған әскери бөлімшесінің басшысы қатысты.


Кездесуде бас имам дәстүрлі дінді экстремистік бағыттағы ағымдардан ажырата білу, оларға дәстүрлі дініміздің құндылықтарын, жат ағымдардан келетін зияны, мемлекетіміздің ұстанып отырған діни саясаты жайында тоқталып, елін, жерін, Отанын күн-түн демей көздерінің қарашығындай қорғап жүрген жауынгерлерге өз жүрекжарды алғысын айтты. Отан тұрғысында Құран аяттарынан және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистеріне тоқталды.
Отан сүю, оны баршамыз қадірлеуіміз керектігін, салт-дәстүрге, ата-анаға құрметпен қарап, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға шақырды.


Жиын соңында жауынгерлерге діни кітапшалар таратылды. Ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалып, сауалдарына жауап берілді.

 

Меркі ауданы

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/YXMsi.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/BkuO2.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/6sdrA.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: