Балаларға арналған сауат ашу курсы немесе имандылық лагері өз жұмысын бастады.

Балаларға арналған сауат ашу курсы немесе имандылық лагері өз жұмысын бастады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаздың бірінші күнімен аудандық «Қордай» мешітінде имандылық лагері өз жұмысын бастады. Балалардың жазғы демалысын зая кетірмеу үшін осындай игі іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш курстың басты ұраны пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.ғ.с «Сендердің ішіндегі ең жақсыларың құранды үйреніп оны өзгеге үйреткендерің» хадисі болды.

 

Сағаттың тілі тоғыз болмай жатып балалардың кейбіреуі өздігінен, кішкентайлар ата-анасымен мешіт ауласынан қарай кіріп бара жатқанын көріп іштей қуанасың. Мешіт іші қайтадан бала күлкісіне толып, ерекше нұрлана түсті. Курсқа 35 шақты ұл бала келіп қатысуда. Курста Құран, араб әліппесі және иман атты сабақтар жүргізіп ата-баба діні Исламнан сусындауда. Демеушілердің жәрдемімен курсқа келуші балаларға күнде кішігірім дастархан ұйымдастырады, бүлдіршіндер тәндерін қуаттап алып, жан азығы болған білім алуға жаңа қуатпен кірісе кетеді. Жақсы істен алыс қалмай, келем деушілерге есігіміз ашық!


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/xvnEZ.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/ZYz0.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/7m36k.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/fYgn0.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/n4Qa.jpg 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: