Төртеу түгел болса.

Төртеу түгел болса.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында мамандар бас қосқан семинар өткізіліп, аталмыш семинарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы да қатысып қайтты.

 

Семинарға облыстық прокуратураның қызметкері Шейхисламов Бахтияр, ішкі саясат басқармасының төрағасы Рахия Сейтбекқызы, облыстық Дін істер департаментінің бөлім басшысы мен аудан прокуратурасының қызметкерлері де қатысты.

 

Семинар-кеңеске шақырылған қонақтар жеке-жеке баяндамалар жасап, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқандарына тоқталып өтті. Сөз кезегінде өкіл имам, кейбір азаматтардың дін өкілдеріне «Не қарап отыр? Заңсыз топтарға имамдар неге қарсы тұрмайды. Қарсы тұрайын десе білімі жетпейді», - деп қате баға беріп, сырттан қауесет таралуына мұрындық болатынынына тоқталып, имамдарды білімсіз санайтын қасаң идеядан аулақ болу керектігін жеткізе келе, өңірдегі мешіттерде бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан имамдарда бүгінгі замандағы, диплом ғана жоқ демесең, біліктілігі жетерлік. Олар қиындық жапаға шыдап, дінге адал қызмет етуден басқа ешқандай бөтен пікір тудырған жоқ. Ал бүгінгі маманданған қолында қағазы бар деген жастарды сол кісілердің орнына апарсаңыз білімі бар, бірақ ауылды жерлердің жағдайына төзгісі келмейтіні болып отыр.

 

Діни қызмет атқару үшін де ҚМДБ-ның арнайы тексеруінен өткізбей, ешкімді көзсіз имамдылыққа тағайындай салмайды. Жалпы терроризм мен экстремистік топтарға имамдар ғана емес жалпы қоғам, әрбір жеке жауапты болып атсалысуы керек, - деп қайырды.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/IM5F.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/6RCc.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/XBNb.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/0y8V5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/BLDX6.jpg

 

 

http://gifok.net/images/2013/06/01/osYy.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: