Жамбыл ауданы Байдібек мешіті .Жаздық Маусым айындағы сауат ашу курсына шәкірттерді оқыту сабағы басталды. Аудандық Бәйдібек мешітіне ҚМБД -ның Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Даниярдың тапсырмасымен Жамбыл облысының Һибатулла медресесінің оқып жатқан шакірттерін Жамбыл облысындағы барлық аудандарға жаздық сауат ашу курсына дарсін беруіне жіберілген. Һибатулла медресесінің шәкірттерінің бірі Нұрғалиұлы Нұрдаулет Жамбыл ауданына Бәйдібек мешітіне Мамырдың 27-не жіберілген болатын. Кәзіргі уақытта шәкірттер жиналып сабақ өтуде. Сабақ азанғы сағат 09.30 -дан , 12.30 дейін және кешке үлкен кісілерге Шам намазымен Құптан намазының арасында дәріс өтуде.
Бәйдібек мешітінің имамы , жамағаты жане оқып жатқан шәкірттер Облысттың бас имамына жане медресе устаздарына алғысын білдіруде.
Бәйдібек мешітінің найб имамы : Амірбеков Абдіразақ


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.