Осыдан бір айы бұрын Талас ауданы «Қаратау» орталық мешітінің күрделі жұмыстары басталып еді, міне бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталды. Осынау істің ұйытқысы болып, басы-қасында жүрген аудан имамы Нұрсұлтан Алиевке жолыққанымызда ол:
- Қоғам игілігі үшін жұмыс жасау әрбір мұсылманға тән. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Адам қайтыс болғанда үш түрлі амалынан басқасының бәрі тоқтайды. Ел игіліне жарайтын садақа жария, елге пайдалы ілім, салиқалы ізгі ұрпақ», - деп халыққа қызмет етудің екі дүниеде де сауабы үзілмейтіндігін сүйіншілеген. Мешіттің сыртын әрлеуге тәжірибелі құрылысшылар тартылған. Олардың тарапынан қабырғалары бір мәрте сылақтан өтіп, артынан «жаңбырлату» жұмыстары жүргізілген. Ал, суретші-дизайнер тарапынан ұлттық ою-өрнектермен әрленіп, одан сайын ажары ашыла түскен. Мешітке демеушілік көрсетіп жатқан барша азаматтарға Алланың нұры жаусын дейміз, - деді.
С.Сәтұлы,
«Талас-Тынысы» газеті.