Өкіл имам Талас ауданында болды.

Өкіл имам Талас ауданында болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы Талас ауданындағы «Қаратау» орталық мешітінде болып, мешітке келген жамағатқа уағыз айтып, халық ауызбіршілікте, ынтымақта болуы керектігін насихатады. Және аудан әкімі А.Қарабалаевпен кездесіп аудандағы дін мәселесі жөнінде де сөз қозғады. Өкіл имам Данияр Жұмабаев және Талас ауданының бас имамы Нұрсұлтан Алиев аудандағы ауыл мешіттерін аралап, ауыл жамағатымен кездесті, уағыз-насихат айтып, жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарға өкіл имам жауап берді. Ауданымызға келген өкіл имам Жұмабаев Данияр қажыға аудан жамағаты, ауыл ақсақалдары батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

 

Акбар Оразбаев,
Талас ауданы орталық мешітінің наиб имамы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: