Жаңатасқа жаңа имам тағайындалды.

Жаңатасқа жаңа имам тағайындалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның бекітуімен, Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы орталық мешітінің бас имамы болып Қонақбаев Ғалымжан Қабылбекұлы тағайындалды.


Жаңа имамды жұма намазына орай, «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкері Қожахметов Халит мешіт жамағатымен таныстырып, жаңа имамға қолдау көрсетуін, имамда жамағатпен ынтымақтасып, ауданның діни ақуалының жақсаруын, кері топтардың алдын алып, халыққа адал қызмет атқаруын атап өте келе, келеңсіз жағдайлар туылып, шешім қабылдап үкім шығаруға тура келсе, ҚМДБ-ның үкіміне жүгініп жұмыс атқару керектігін, тапсырмаларды мұқият орындап, мешіт жамағатының сауатын жетілдіру үшін, арайы дәріс ұйымдастырылып отырсын деген өтінішін жеткізді.


Ғалымжан имам бұған дейін, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылында бас имам, Жуалы ауданында имамның көмекшісі, қызметтерін атқарған. Сарыағаш медресесінде, Ислам иниститутында діни білім жетілдірген білікті маман. Алдағы уақытта жаңа имамнан күтеріміз көп.

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: