Қоғам таза болсын десек.

Қоғам таза болсын десек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Парасат» колледжінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мен адам құқығын қорғау комиссиясының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа қарсы тұрайық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Нарымбетов Еркебұлан қатысып қайтты.

 

Нашақорлық дерті қазіргі таңда елімізде мыңдаған адамның өмірін жалмаған. Осылай шектеусіз кете берсе, ел ертеңі не болмақ? Жалпыны толғандыратын мәселе осы. Бұл проблемаға жалпы халық бірігіп күш салғанда ғана тиюға болатынын мамандар ашық айтып отыр.

 

Қазіргі таңда синтетикалық наркотиктердің түр-түрлері күн сайын сатылымда жүруде. Осының ішінде метадон атты синтетикалық наркотик белең ала бастаған. Осыны қалай тиямыз деген ойлар ортаға салынды.

 

Жиналысқа қатынасқан наиб имам сөз кезегінде, арбаған апаттан құтылудың жалғыз жолы ол - ауызбіршілікпен ынтымақтасып, жасөспірімдерге рухани тәрбие бере алсақ. Бастысы, ішімдік пен шылымнан алыс тәрбиелеудің жолын қарастырсақ. Әр ата-ана өз баласына жақсы мәміле жасап, дұрыс тәрбие беріп отырса, барлық қиындықтардан құтылуға болатынын атап көрсете келе, студент жастарды медреселерден сабақ алып, сауатын ашуға шақырды.

 


Көгедай Шәмерхан

 

http://gifok.net/images/2013/05/25/RKtW3.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/25/MWLd.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/25/iUHdf.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: