Облыс өкіл имамының Меркі ауданындағы бір күндік іс-сапары.

Облыс өкіл имамының Меркі ауданындағы бір күндік іс-сапары.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ тағалаға сансыз шүкірлер болсын! Меркі ауданында тағы бір мешіттің іргетасын қалау рәсімі қасиетті Ережеп айына тұспа-тұс келіп, Аллаһ нәсіп етті. Аллаһ тағаланың қалауымен, Ойтал округына қарасты Қант заводының маңында халық тығыз орналасқан елді мекенде мешіт болмаған. Халықтың көптен бері көңілінде жүрген арман ойлары орындалып, 500 адамға арналған мешіт құрылысын көтермекші. Аллаһ үйінің алғашқы ірге тас қалау рәсіміне облыстың бас имамы Данияр Жұмабаев арнайы келіп, аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлім басшысы, ауданның бас имамы болып қарсы алды.


Данияр қажы осындай жақсы іске демеушілік көрсетіп жатқан аудан әкім басшылығына және азаматтарға Аллаһ разы болсын дей келе, жақсы іске береке тіледі. Өз сөзінде мешіт салудағы бұл дүние және ақыреттегі сауабы турасында кеңінен тоқталып, жиналған халыққа ризашылығын білдіріп батасын берді.


Одан кейін ауылдың қадірменді ақсақалы сөз алып, жиналған халықтың атынан Данияр қажыға алғыстарын жеткізіп, уақыт тығыздығына қарамастан ат басын Ойтал ауылына бұрып, осындай сауабы мол іс-шараға қатысқаны үшін көңілжарды сөзін айтты. Ислам дініміздің көркеюіне аянбай істеп жатқан қызметіне абыройлы болуын тілеп, жас қанаты талмай, Аллаһ тағала күш қуат беріп, облысымыздың мешіті жоқ мекендерде мешіттер соғылып, Ислам діні өркендей берсін деп батасын берді. Іс-шараның соңынан кең пейіл қазақ дәстүрі бойынша дастархан жайылып, ас берілді.


Іс-шара өткеннен кейін Данияр қажы ауданның діни ахуалымен танысып, ат басын Сұрат ауылына бұрды. Жаңадан бой көтерген мешіт құрылысымен танысып, халық игілігіне берілу күнін белгілеп қайтты. Қайтар жолында «Қарабала Төре» мешітінде болып, мешіттің тыныс тіршілігімен танысып, жол сапарына шықты.

 

Меркі ауданы орталық мешітің
баспасөз қызметі.

 http://gifok.net/images/2013/05/24/MVlp0.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/24/f5GRU.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/24/64Vx.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/24/iXjRw.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/24/PGlJ.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: