Тәрбие -отбасынан басталады.

Тәрбие -отбасынан басталады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының Ноғайбай ауылындағы №19 Қордай колледжінде тәрбие «Тал бесіктен басталады» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға колледж директорының орынбасары А.Ш.Қашағанова, колледж ұстазы А.Ж.Құсайынов, ауыл ақсақалдарының төрағасы М.Қанапияұлы, Ә.Иманқұлов бұрынғы техникум меңгерушісі, қазіргі ауыл ақсақалы ата-аналар комитеті мүшесі Т.Сырлыбайқызы, аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы, Ноғайбай ауылындағы «Дүйсенбі Халфи» мешітінің имамы Б.Сулиев, участкелік полиция инспекторы И.Зейналов, АІІБ-ның кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс бөлімінің инспекторы Е.Кунжанов және колледж талабалары қатысты.


Дөңгелек үстелде көтерілген негізгі мәселе қоғамды толғандырған, жастар тәрбиесі жайлы яғни «Тәрбие -отбасынан басталады» атты тақырып болды. Колледж директорының орынбасары Ш.А.Қашағанова жиналған азаматтарды таныстырып, колледж мұғалімі А.Ж.Құсайынова тәрбие жайлы баяндамасын оқып, қуаныштысы, баяндама ата дініміз Исламға негізделіп, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері оқылды.


Колледж директорының орынбасары Ш.А.Қашағанова өз баяндамасында ананың бала тәрбиесіндегі маңызы жайлы айтып, гендерлік саясатты сынға алып, әйел адамның негізгі міндеті бала тәрбиесі екенін атап өтті. Сөз кезегі аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Дәуренбек Жандосұлына берілді. Д.Жандосұлы Аллаһтың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) «Әкенің баласына жасаған жақсылықтарының ең бағалысы - жақсы тәрбие» хадисіне тоқталып, баланы өскен кезінде емес, жатырда жатқанда тәрбиелеу керектігін, тіпті ер азаматтың болашақ жұбайын таңдар алдында да тәрбие бар екендігін ескертіп осындай даналықтар мен хикметтер Ислам діні мен діндарларының негізі екенін еске салды. Және де «Аллаһты таныған бала сізге бала болады, Аллаһты танымаған бала басқа бәле болады» деген нақыл сөздерді еске салып, ата-ананың балаға берген тәрбиесінің жемісін бұл дүние де, ақиретте де көретіндігін тілге тиек етті.


Жетімдер үйі мен қарттар үйінің қаракөз қандастарымызға толуына себеп имани әлсіздікпен ұлтымызға жат, дінімізден тыс бұлақтардан тәрбие алуы, жастардың тәрбие ошақтары болып бүгін теледидар, ұялы телефон және интернет болғанын өкінішпен айтты. АІІБ-ның кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс бөлімінің инспекторы Кунжанов Ерлан өз баяндамасында аудан бойынша 64 жасөспірім ішкі істер органдарында тіркелгенін, оның 17-сі ішімдікке салынып кеткендігін, көпшілігі қылмыспен полиция бөлімдеріне түсетіні айтты.
Жиналған қауымға колледж талабалары «Жанұядағы байланыс» және «Отбасы» атты тағылымы мол көрініс қойды. Пайдалы жиналыстың аяғында ұлттық дәстүр бойынша ауыл ақсақалы Иманқұлов Әбдіболат ата жастарға тағылымы мол ақ батасын берді.
Жастардың қатысуымен өткізілетін бүгінгі таңдағы түйткілді мәселелерді талқылайтын осындай жиындар көп болса деген ниеттеміз. Және де баршамыз ұлт болашағын ойлап, жастардың тәрбиесінің дұрыс болуына ат салыссақ еліміздің келешегі жарқын болатыны сөзсіз! Әрдайым игі істерде Раббымыз қолдай гөр!

 

Қордай ауданы

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/KYEj.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/5nFAS.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/DRti.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/kQpE.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/nMejD.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/TiCAd.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: