Ынтымақсыз іс өнбес.

Ынтымақсыз іс өнбес.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ- ның Жамбыл облысындағы өкілдігінде аудан-қала имамдарының кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыста басты көтерілген басты мәселе бүгінгі таңда мешіт жамағатының сауаты аздығын пайдаланып өзге ағымдардың жетегіне тартылуы. Сол үшін жамағатқа дұрыс бағыт көрсету имамдарымыздың міндеті екендігі талқыланып, кей мешіт имамдарының намаз уақытына кешігетіндігі, дұрыс уағыз жүргізу тәртібі қойылмағандығын ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабев Данияр қажы сынға алып, қатаң ескерту жасады.


Айта кетер тағы бір жай, баршамызды толғандыратын мәселе, бүгінде салафизм ағымындағылардың күн санап қатарының көбейіп бара жатқандығы.

 

«Һибатулла-Тарази» мешіті жанындағы медресенің шакірттерін, жазғы демалыста, аудандардың орталық мешітеріне тәжірибеден өтуге жіберілетіні анықталды. Жиналыс соңында, ҚМДБ-ның арнайы сараптамасынан өткен «Имам Әліппесі» кітабі әр имамдарға таратылды. Бұл кітаптің басты құндылығы имамдарды толғандыратын сұрақтардың толықтай қамтылғаны болып отыр.

 

Көгедай Шәмерхан

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/pZhvq.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/Pbvh5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/T7r52.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/22/S0YO9.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: