Беріктас ауылындағы имани жиын.

Беріктас ауылындағы имани жиын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Беріктас ауылының мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен дін жайлы, оның ішінде Ислам дінінің қоғамдағы маңызы жайлы жиын өтті. Жиналысқа аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Дәуренбек Жандосұлы, Беріктас ауылының имамы Татиев Шаймұрат, мектеп директоры Кучербаева Бахарам Жолдасқызы және мектеп ұстаздары қатысты.


Атаулы жиынға арнайы келген қонақтарды мектеп ұстазы таныстырды, ауыл имамы Татиев Шаймұратқа сөз берді. Ауыл имамы Шаймұрат мырза жиналған жиын мақсатымен таныстырып, Ислам діні жайлы ақпарат беріп өтіп, жиынға арнайы келген аудандық мешіт қызметкері Дәуренбек Жандосұлына сөз берді. Дәуренбек мырза өз кезегінде Ислам дінінің негізгі қағидаларына тоқтап, Аллаһ Тағалаға серік қоспау жайлы, намаз, ораза жайлы кеңінен тоқталып өтті.


Өз сөзінде Д.Жандосұлы қазіргі уақытта қоғамда кейбір БАҚ Ислам жайлы теріс ойларды таратып жатқанына тоқталып, Ислам дінінің бейбітшілік діні екенін ескертіп, тіпті мұсылман мен мұсылманның бір-бірімен сәлемдесуінде бір-біріне тыныштық пен бейбітшілік тілеу жатқандығын атап өтті. Ислам дінінің шапанын жамылып алып, өздерінің саяси немесе экономикалық мүдделерін іске асыру мақсатында діни білімі саяздау келген жастарды теріс уағыз-насихаттарымен өз қатарларына қосып алатын топтар жайлы сөз қозғап, осындай теріс пиғылды радикалды топтардың құрбаны болмас үшін діни білім алу керектігін және оны тек қана ҚМДБ ұйымдары мешіттер мен медреселерден, діни әдебиеттен тек ҚМДБ сараптамасынан өткен кітаптарды оқуға шақырды, тек қана діни біліммен шектелмей мұсылман баласының жан-жақты болу керектігін ескертті Д.Жандосұлы.


Жиналыс барысы қызықты да, пайдалы сұрақ-жауап айдарына өтті. Оқушылар дін қызметкерлеріне өздерін мазалап жүрген түйткілді сұрақтарын қойды. Мысалға айтар болсақ, болашақты болжау, бақсы-балгерлер жайлы, түрлі наным-сенімдер жайлы сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға мешіт қызметкерлері қасиетті Құран аяттарымен, Пайғамбар с.ғ.с хадистерінен дәлел келтіре жауап берді. Жиын аяғында Шаймұрат ақсақал жастарға батасын беріп, Жаратқаннан дұға жасады. Осындай жиындар арқылы жастарымыздың діни сауатын ашып, ата-баба діні жайлы мол ақпарат беріліп, түрлі экстремистік әрекеттердің алдын алынса деген ниет бар. Аллаһ тағала ниетімізді іске асыра гөр!

 

Қордай аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: