Халық игілігі үшін жасалып жатқан іс-шара.

Халық игілігі үшін жасалып жатқан іс-шара.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Дана бабаларымыздың айтқан «Дана бол, халқыңа пана бол» деген өсиетін басшылыққа ала отырып, Меркі аудандық орталық «Меркі-ата» мешітінің ауласынан осыдан бір жыл бұрын 400 адамға арналған асхана бой көтеріп, халық игілігіне беріліп, Меркі жұртшылығының ыстық ықыласына бөленіп, қызмет жасап жатқан жай бар. Сол асхананың кезінде түрлі себептермен тамақ даярлайтын ыдыс-аяқ жуатын жайы болмаған.

 

Ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажының ұйытқы болуымен, үлкен құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туды. Нақты айтар болсақ, мешіттің төменгі қабатын (подвал) көктем айлары дымқылданып қабырғаларға көтерілген. Мешіттің сол төменгі қабатына 50 тонна тас, құм төселіп, беті бетондалуда.

 

Ас даярлайтын бөлмеде пеш, 2 тай қазан орнатылып, шәй қайнататын әр қайсысы 50 литрлік екі титан қойылып, ыдыс-аяқ жуғанға 2 ванна орнатылу жұмыстары жүргізілуде.

 

Осы істеліп жатқан ізгі іс-шаралар халықтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар.

 

                                                                  

 

«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: