Теріс діни ағымдардың қоғамға кері әсері.

Теріс діни ағымдардың қоғамға кері әсері.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жат ағымдардың алдын алу бойынша ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен жұма күні       Жамбыл облысы ішкі саясат бөлімінің маманы Күзембаев Ғани Қанатұлы,  «Жайда» қоғамдық қорының дінтанушысы Алпысбаев Бахтияр және дінтанушы Тұрғанқұлов Таңжарық Қасымқұлұлы, аудан әкімдігінің орынбасары Беделбайұлы Төленді, Ұлттық қауіпсіздік коммитетінің дін жөніндегі маманы қатысты.

 

Топ мүшелері ауданға қарасты имам-молдалармен кездесті. Басқосуда көпті алаңдатып жүрген түрлі теріс ағымдар мәселесі және Қазақстан аймағында ұстанатын Әбу Ханифа мәзһабы туралы, Ислам діні мен қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жастар тәрбиесі, ата-анаға құрмет жайында әңгіме өрбіді.

 

Таңжарық Қасымқұлұлы өз сөзінде Ислам дінінің құндылықтарын, жат ағымдардың көздеген мақсаты, Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері туралы әр тақырыпқа жеке-жеке тоқталды. Жат ағымдардың қатарында салафилер, таблиғи жамағаттары турасында айтылып, олардың қай жерде қай кезде пайда болғаны, іс-әрекеттері туралы кеңінен айтылды.

 

Сондай-ақ кездесудегі басты мақсат келешек жастарымыздың осындай жаман пиғылды ағымдардан сақтандырып, елімізде ынтымақ-бірлікті сақтауда қоғаммен, мектептер, колледждер, әр мешітте сауат ашу сабақтары ұйымдастырылып  жастарымызды имани тәрбие беріп, болашағы жарқын болуға септігін тигізу.

 

 

Меркі ауданы, «Меркі-ата» мешітінің

баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: