Шу ауданында орналасқан «Төле би» орталық мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық ауыл мешіттерді аралау кезеңі басталды. Биылғы алғашқы іс сапарын Оразалы ауылынан басталды.
Алғашқы іс сапарда аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы Мусаев Куандық Оразалы ауылындағы «Оразалы ата» мешітіне жұма намазға келетін жамағатпен жүздесті. Жұма намазынан бұрынырақ келіп, жұмаға дейін мешіттің ауласын аралап тазалық жақтарын, мешіт іші-сыртын көріп шықты. Жұма намазға жиналған жамағатқа алдымен сол ауылдың имамы уағыз айтып, артынан найб имамға сөз берілді.
Найб имам «Тазалық иманның жартысы» тақырыбында уағыз айтып, уағыз соңында мешіт ауласын, ішіне тазалық жұмыстарын жалғастыру, мешіт айналасына, бақшасына көгалдандыру жұмыстарын жүргізу керек екенінін айтып өтті.
Жұма намазға жиналған жамағат өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын сұрап, тиісті жауаптарын алып, керекті ұсыныстарын да айтты. Жұма намаздан соң намазға келген қария кісілер ризашылықтарын білдіріп, батасын беріп шығарып салды.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің
баспасөз қызметі.