Жастарды жат ағымға жібермейік.

Жастарды жат ағымға жібермейік.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
«Һибатулла Тарази» мешітініңі наиб имамы Аманбаев Ержан Мақанұлы ТарМПИ-дың ұстаздары ұйымдастырған «Жастарды жат ағымға жібермейік» атты кездесуге барып қайтты.

 Кездесуде студенттерді  діни жат ағымдардан алдын ала сақтандыру жайы болғандықтан, найб имам сөз кезегінде, сүйікті  Пайғамбарымыздың «Адамдардың ең абзалы жүрегі таза, тілі шыншыл адам. Ол -тақуа, күпірліктен таза, күнә істеу ниеті мен әділетсіздіктен аулақ, кек сақтамаған және күншілі болмаған жүрек. Ондай жүректің иелері-дүниені ұмытып, ақыретті қалағандар. Одан кейін-мінез-құлқы жақсы болған мүмин» ( Тирмизи, Насаи) хадисімен бастап. Жастардың рухани ой дүниесінің ең әуелі ақаусыз болуына, шынайы білім беруіміз керек, деп атап өтті.

Барлығымыздың бір мақсат, бір арманымыз ұрпақ тәрбиесін дұрыс атқарып, жастарды жат мінез, дөрекіліктен тиып, иманды азаматқып ержеткізу. Сонымен қатар заңсыз ағымдардан сақтандыру.

Ұлтымыз  дәстүрлі исламның Әбу Ханифа мазхабын таңдап алуы, ұлттық ұстанымымызға қиғаш емес, біздің салт-дәстүрімізге жақын. Сондықтан бабаларымыздан қалған сара жолдан адаспауымыз керек. Жастар жазғы демалысын дұрыс пайдаланып, діни білімді тек арнайы мешіттерден ғана алуы керектігін түсіндіре келе, жастардың қойған  сұрақтарына жауап берді.

                                                                                       Көгедай Шәмерханұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: