Сортөбедегі алқалы жиын.

Сортөбедегі алқалы жиын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына ҚМДБ жауапты қызметкерлері, атап айтқанда дін істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, ҚМДБ-ның заңгері Дәулетияр Сағиджан мен облысымыздың өкіл имамы Данияр Жұмабаев мырзалар  ат басын тіреді. Аудан орталығында қонақтарды Қордай ауданының бас  имамы Әбдужалил Шалбай күтіп алды.

 

 Келген қонақтармен аудан имамы Қордай ауданында дүнген ағайындар көп қоныстанған Сортөбе ауылына жол тартты.  Сортөбе ауылының №48 орта мектебінің жиналыс залында Аухатты, Масаншы және Сортөбе имамдары, осы ауылдар ақсақалдары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Алқалы жиынның негізгі мақсаты ел тыныштығын сақтау, ҚМДБ  төрағасы, Бас муфти Е.Малғажыұлының  тапсырмаларының орындалу барысын қадағалау және ҚМДБ-ға келіп түскен хаттарды талқылау.

 

Бірінші болып ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев сөз алды. Өз кезегінде К.Тұрдыбаев «Бүлік шығару кісі өлімінен де артық күнә» аятын еске салып, ел ішін ала тайдай бүлдірмей, қайта бейбітшілікті қадірлей жұдырықтай жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Келесі болып сөз алған Сортөбе ауылдық округінің әкімі Талайбек Абдулдаев  өз сөзінде көп ұлтты еліміздің бейбітшілікте болуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың себебінен екенін атап өтіп, тек қана тыныштықта және ынтамақтастық  өркендеу мен көркеуі болатынын айтты. Қазақстан дүнгендері ассоциясының президенті Дауров Хусейн ауыл тұрғындарын бірлікке шақырып, дін мәселесінде тек қана Елбасының қолдауын тапқан ҚМДБ-ның пәтуларына жүгініп тек аталмш ұйым қағидаларына сай жұмыс істеуге шақырды.

 

Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай айтылған сөздерге қосыла келе, аталмыш ауыл имамдарын дін жолындағы қызметке белсене ат салысуға шақырды. Осындай пайдалы жиналыстар арқылы бүліктен сақтанып, ел тұтастығының күшеуіне себеп болады деген бір Аллаһтан үміттеміз.

 

Дәуренбек Жандосұлы,

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы.

 

http://gifok.net/images/2013/05/17/4XNLV.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/17/6dRAH.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/17/T9vMz.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/17/vrFs.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: