ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тараз» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан, мешіт жамағатына жарты айлық сауат ашу дәрісін жүргізу жұмысы аяқталды.
Мешіт имамдары жамағатпен ауыз біршілкте болып, шам және құптан намазы аралығында, көпті толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берумен қатар, ахлақ, сияр, Ислам ғылымхалы, қатарлы сабақтар өтілсе, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр қажы еркін тақырыпта сабақ жүргізді.
Осы ұйымдастырылған сабақтың жалпы мақсаты туралы ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тараз» орталық мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан Маханұлы: «Бұл ұйымдастырылған сабақта жамағаттың біліп жүріп, қателесіп, ескермей қалатын, намаздың тазалық әдептері, сүннет макрухтарын ашып көрсетіп түсіндіру болса» - деп айтты. Отарбаев Бауыржан ақида туралы талас-тартыстарға жауап беріп, матруди ақидасының негізгі құндылық асыл қасиетін түсіндіріп отырды.
Жалпы осы өткізілген сабақтар барысында, жамағаттың бес уақыт намаз өтеп жүргенмен кейде, сүннет пен паыз, уәжіптерге келгенде, ескермей жасайтын қателіктерінің болатынын осы сабақ арқылы естіп ойға түйіп жатты. Және жамағаттың ауыз біршілігі мен ынтымағы берік болуы, мешітке кіріп-шығу әдептеріде айтылып отырды. Басты көзделген мақсат біреу, ол осы зайырлы мемлекетіміздің тынштығын сақтап, асыл дініміздің шариғи үкіміне қайшы келмей, тату-тәтті тұрмыс кешіру, имамдардың міндеті халықты жақсылыққа шақырып, заңсыз кері топтармен дінімізге жат ағымдарға қарсы тұрудың жолдарын қарастырып, білгенін өзге біліктілікпен үйрету.
Жалпы сабақтың бағасын жамағаттан сұрауды жөн көрдік.
М.Х. Дулати атындағы, ТарМУ-ның азық түлік өнімдер технологиясының кафедра меңгерушісі - т.ғ.к., доцент Кенжеходжаев Махмұтқали Досманұлы: «Бұл ұйымдастырылған сабақтың жамағатқа берері көп болды. Біз әрдайым қатынасып білімізді тереңдетіп түсіну орайына ие болдық. Осы игі бастаманы ұйымдастырған өкіл имам Жұмабаев Данияр қажыға, өзгеде сабақ жүргізген ұстаздарға алғысымыз шексіз. Осындай сабақтар тағыда жалғасын тапса деген тілегімізде бар. Шындап келгенде көп адам діннің шынай құндылығын түсіне білу қиында күрделі, толғандырған мәселе төңірегінде сөз қозғауда оңай шаруа емес. Діннің негізін, дұрыс бағытын үйрену үшін де білікті маман, ұлағатты ұстаз қажет. Мешіт имамдарының жанашыр жақынымыздай болып сырласып, кеңесіп отыратыны да бізді қуантады. Соңымыздан ерген жастармен бала-шағаларымызға айтарымыз, діни ілімді алу үшін арнайы мешіт-медреселерден барып алса, дұрыс деп қабылдаймын. Мүфтият тарапынан шығатын діни басылымдарға да үнемі жазылып ақпарат алып отырамын».
Мамай Қосалыұлы, қарт зейнеткер, мешіт жамағаты: «Бұл өте жақсы бастама болды деп айта аламын. Ақшам мен құптанның арасы ең бір бос уақыт, сабаққа қатынасып, кейбір кемшіліктерімізді түзетікенде жайымыз бар, біз алғаш намазға жығылған кездерде арнайы ұстаздан дәріс алмадық. Үлкен кісілерден жазып, естіп үйрендік. Ал мына техниканың дамыған дауірінде, білім алуға барлық жағдай жасалған, мүмкіндік бар. Тек адам өзі ізденіп білім алуға құлшынатын болса, ешқандай кедергі жоқ. Біз осы орталық мешітке үнемі намазға қатынасамыз, имамдардың жылы жүз бауырмалдығы мен адамгершіліктері кісіні риза етеді. Өзгеде бос уақыттарда медресе ұстаздарынан білмеген сұрақтарымды сұрап үйреніп отырамын. Шіркін, жастық өтіп кетті ғой. Қазіргі жастарға айтарым, дайын мешіт медресе бар уақытта білім алып, біліммен қаруланса, жалпыға да, жалқыға да пайдасын тигізген болар еді».
Ғабит Оразбайұлы, ТарМУ-ның бітіруші түлегі: «Біз бұл ұйымдастырылған сабаққа, арнайы достарымызбен бірге келіп қатынасып, дәріс тыңдап тұрдық. Бізге өте жақсы пайдасын тигізді. Жамағатпен қосылып сабақ тыңдаудың пайдасы көп екен. Әркім әртүрлі толғандырған сұрағын ортаға салады, сол сұрақтарға имамдар жауап еріп, түсіндіріп отырады. Біздің де ойымызды мазалаған түйідер де өз шешімін тапты дей аламын. Тағы да осындай сабақтардың жалғасуын тілейміз. Ұйымдастырушыларға көптен көп рахмет айтамыз».
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.