Жуалыдағы жүздесу.

Жуалыдағы жүздесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы  өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы арнайы   іс сапармен  Жуалы  ауданында болып қайтты. Ол кісі бұдан бұрын да облыс көлеміндегі біраз  аудандағы мешіттерге   іс сапармен шыққан еді. Бұл жолы Жуалы ауданының мешіттерін аралауының сәті түсті.


Құлақпен естігенше көзбен көрген жақсы дегендей, өкіл  имам жұма намазынан бұрынырақ келіп, жұмаға дейін аудандағы бірнеше мешітке кіріп шықты. Атап айтсақ, Көлбастау ауылындағы мешітке келіп, сол ауылдағы жаңадан соғылғалы жатқан мешіттің орнын көріп, демеуші мердігерлермен кездесті. Ауылдың  ең көрікті жеріне, көркем  де үлкен 200-300 кісілік мешіт соғуға ықылас танытып отырған кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.
Содан кейін жаңадан соғылып жатқан, биыл бітіруді көздеп отырған Дихан ауылындағы мешітті арнайы барып, құрылыс жобасымен танысты.


Өкіл имам жұма намазын аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде өткізді. Жұма намазының уағызы Исламның кең тақырыбтары иман, ынсаб, қанағат, шүкірлік сияқты ауқымды салаларды қамтыды. Мешітке жиылған жамағат, жарты сағат бойы ұйып уағызды тыңдады. Жұма намазынан соң қариялар көңіл бөліп ауылға келген өкіл имамға ризашылығын білдіріп баталарын берді.
 Арнайы іс сапар жұмадан соң ары қарай ауыл мешіттерін аралаумен жалғасты.

 

Аудандағы жол үсті жағалай мекендеген ауылдардың басым бөлігінде жаңадан типтік түрде мешіттер орналасқан. Сол ауылдардың барлығына өкіл имам арнайы соғып, мешіттеріне кіріп көрді. Атап айтар болсақ,  Кәріқорған ауылындағы  «Тасбастау», Қоңыртөбе ауылындағы «Малдыбай», Күреңбел ауылындағы «Күреңбел», Ертай ауылындағы «Құлбайымбет»,  Рысбек батыр ауылындағы «Үрзада апай», Қошқар ата ауылындағы  «Дәурен ата» мешіттеріне арнайы бас сұғып, мешіттің жағдайымен танысты.

А.Кенжемолдаев,
Жуалы ауданының бас имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: