Камила Ислам дінін қабылдады.

Камила Ислам дінін қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам - Алланың хақ діні.  Осы кәусар бұлақтан  сусындап,  ақиқат дінді қабылдаушы адамдар   күн санап артып келеді.   Бүгін  ұлты  орыс,  әрі діні бөлек 22 жастағы Тараз қаласының тұрғыны  Любимова Камила Абдубаитовна   иман келтіріп ислам дінін қабылдады.


Камила 7 жасқа дейін мұсылман болған.  7 жастан кейін ата-анасы ажырасып кетеді,  содан кейін анасы оны шіркеуге алып барып христиан дінін  қабылдатады,  бірақ  Камила  өзін екі  жақта сезініп,  өзін  христианмын  деп санамапты.  Ислам дінін әрдайым ұмытпай, 17 жасынан 21  жасына дейін мұсылман дінін  қабалдауды  ойлап жүрген екен.  Оның мұсылман болуына себепкер болған құрбысы Камиланы мешітке алып келді.


Дінді қабылдаған Камила Исламның шарттарын орындауға тырысамын дейді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта білім алып иманын күшейткісі келетінін сөз етті және  орталық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының  ұстаздарына келіп білім аламын деген ниетте.


Алла тағала баршамызға өзінің разылығын алатын амал істеуімізді және барша пенделеріне тура жол нәсіп етсін!

 

Лаура Қанатқызы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: