Біздің ата-бабаларымыз қашанда Аллаһты танып, Пайғамбарымыздың (с.а.у. өмірін өнеге тұтып, салт-дәстүрін Исламның мінсіз құндылықтарымен үйлестіре білген. Пайғамбарымыздың (с.а.у) «Жаннат аналардың табанының астында» деген хадисінен алар өнеге мол. Осыған орай мамырдың 4 күні Қордай ауданы орталық «Қордай» мешітінде аудан әйелдері және қыз-келіншектеріне арналған семинар өтті.
Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресесі жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының ұстаздары Үсенова Зейнеп және Мырзабаева Камила семинарда ілім, ниет, ықылас, тәубе, ғибадаттың маңыздылығы және ақида мәселелері жайлы сөз қозғап, кыз-келіншектермен пікір алмасып, бір қатар өзекті мәселелер жайында уағыз насихаттар жүргізді.
Осы жиынға қатысқан апаларымыз Нұрғайша және Оңласын апа бұл шара Исламның дамуына үлес және асыл дінімізге деген сүйіспеншілік екенін айтып осы шараны ұйымдастырған облысымыздың өкіл имамы Данияр Жұмабаевқа ризалықтарын білдіріп, осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген ниеттері мен алғыстарын айтты.
Бұл отырыс Исламның асыл құндылықтарын аудан қыз-келіншектеріне жетік түсіндіріліп өз деңгейінде өтті.
Бағлан Жүсіпов ,
«Қордай» мешітінің найб имамы.