Талас аудандық «Қаратау» орталық мешітімізде, күрделі жөндеуді бастады. Бұл шараны қолға алған аудандық бас имам Алиев Нұрсылтан Қалдарханұлы, демеушілер тауып, сол кісілерге Талас аудандық «Қаратау» орталық мешітімізде, күрделі жөндеуді бастады. Бұл шараны қолға алған аудандық бас имам Алиев Нұрсылтан Қалдарханұлы, демеушілер тауып, сол кісілерге садақаның, қайырымдылық істердің берекеті бар екенін түсіндірді.
Ол кісілерге Аллаһ разы болсын, өз жәрдемін беруде. Ондай адамдардың болуы, өздеріне берілген нығметеріне шүкіршілігі деп білеміз. Оныңда істеген жақсылығы бекер болмақ емес.
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.):«Адам қайтыс болғанда үш түрлі амалынан басқасының бәрі тоқтайды: ел игілігіне жарайтын садақа жария,елге пайдалы ілім, дұға жасайтын ізгі ұрпақ», - деп халыққа қызмет етудің екі дүниеде де сауабы үзілмейтінін сүйіншілеген.
Қоғамның игілігіне жұмыс жасау әрбір мұсылманға тән. Бұл игілікті іске қунышымыз шексіз. Халыққа деген ең үлкен жақсылық та осы болмақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Ең жақсы адам басқаға пайдасы тигені», - дейді. Ал, Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Адам сол - адамдығын жұрты көрсе», - деген.
Сондай-ақ Ислам діні әр нәрсенің бір зекеті бар екенін ескерту арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық істерге атсалысу керектігін айтады. Білімділер білімін өзгелерге үйрету арқылы білімінің зекетін берсе, дәулеттілер қайырымдылық шараларға зекет, садақа секілді дүние малын беру арқылы халыққа жағдай жасауға міндеттелген.
Құранда Аллаһ:
«Сендерден біреулеріңе өлім келіп: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам" деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар», - дейді. («Мұнафиқун» сүресі, 10-аят)
Оразбаев Акбар
«Қаратау» мешітінің найб имамы