Есірткісіз өмір сүру.

Есірткісіз өмір сүру.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Қордай ауданы, Қызыл партизан ауылының  №6 орта мектебінде «Есірткісіз  өмір  сүру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы іс-шараға мектеп директорының орынбасары  Сабырова.А.С,  КТЖИ  Букпанов.Н.Д,  медбике  Кабиева.Ж.Н,  биолог  Айтжанова.Д.Т, осы ауылда орналасқан «Рахман» мешітінің имамы  Малдыбаев.А.Б. өткізген  әлеуметті  педагог  Музиева.Ж.А. және  8-9  оқушылары  қатысты.


Жиын басында «Есірткінің зияны туралы» деген көркем бейне ролик көрсетілді. Роликте бүлік әлемдегі ешбір ақаусыз орын алып жатқан оқиғалар, Жаратқанның берген сансыз нығметтері көрсетіліп, көптеген ғалымдардың Аллаһ тағаланың құдіретіне тамсанған сөздері келтірілген.
Келесі  болып  мектептің  әлеуметтік  педагогі  Музиева.Ж.А. сөз алып, есірткі деген сөзіне  анықтама берді.  Сөз кезегі кәмілетке толмаған жастар инспектор Букпанов.Н.Д есірткіге  қарсы  қандай жұмыс  істеп  жатқандығын  және  оны  сататын,  тасмалдайтын,  өзі  пайдаланатын  адамдары  заң  алдында  жазасы  бар  екендігін  баяндады.  Ендігі  сөзді  медбике  Кабиева.Ж.Н  осы  есірткіден қанша  жастар  әр  түрлі  ауруларға  шалдығып  жатқандығы  туралы  сөз  қозғады.  Келесі  сөз  кезегі биолог  Айтжанова.Д.Т  есірткіден  зардап  шеккен  жастардың саны  осы күні  көбейіп  баражатқандығы  бізді  бей-жай  қалдырмау  керектігін  айтып  өтті.


Соңында  мешіт қызметкері Ақан Малдыбаевқа түрлі сұрақтар қойылды. Оның ішінде атап көрсетсек  есірткі  арақ, нашақорлық  жайлы  қызықты  да, маңызды сұрақтар қойылды. Аталмыш сұрақтарға ауыл имамы шариғатқа сай, Құран мен хадистен дәлелдер көрсетіп көңіл толарлықтай жауап берді.  Өз сөзінде Ақан имам мырза Ислам діні  адамбаласына зиян (харам) болған  нәрселерден  аулақ екенін айтып  сөзін  аяқтады. 

Дәуренбек Жандосұлы, 
 Қордай аудандық мешітінің баспасөз хатшысы.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: