Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция басталды.
Айтулы басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдин, Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Мехмет Емин Озавшар, түркі тілдес елдердің мүфтилері, ҚМДБ имамдары, отандық және шетелдік діни бірлестіктедің өкілдері қатысуда.
Бас мүфти Ержан қажы Маямеров еліміздегі дінаралық татулықты нығайтудың тетіктері, Исламның ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын арттырудағы рөлі жайында баяндама жасайды.
muftyat.kz