Қордай ауданы бойынша сәуір айындағы имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті.

Қордай ауданы бойынша сәуір айындағы имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

23-сәуірде әдетке айналған ай сайынғы  аудан бойынша  имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті. Жиналысты аудан бас имамы Ә.Шалбай жүргізіп, алғы сөзінде облыста өткен бір апталық семинарға қатысқандығы және облыстағы семинарды жоғарғы деңгейде өткізген өкіл имамға Данияр Жұмабаев өз разылығын білдірді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын жандандырып, бірқатар ізгі істерді жүйелі түрде  жүзеге  асыру және тапсырмалардың тыңғылықты атқарылуын нақтылады.

 

Жиналыс барысында имамдарға мешіттерде сенбілік ұйымдастырып, мешіт тазалығы мен жөндеу  және әрлеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

 

Зекет қорының жұмысы жандануына байланысты әрбір мешіт жыл сайын Зекет қорына ат салысуын жиналысқа қатысқан имам-молдалардың естеріне салып өтті.

 

Әрбір мешітте ақшам және құптан намаздары арасында мешітке келген жамағатқа сол мешіт имамы тұрақты түрде  уағыздар айтылуын бас имам Ә. Шалбай атап айтып өтті, имам мен жмағаттың арасындағы тығыз байланыста және әрбір имам мешіт жамағатынан кемінде бес шәкірті болуы керектігін тапсырды.

 

Имам-молдалардың ешқайсысы рұқсатсыз қажылыққа немесе шет мемлекетке кетпеу керектігін қаперлеріне салды.

 

Барлық тапсырмалар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан келгендігі айтылып, тиісті деңгейде қадағаланып тұратындылығы ескертілді. 

 

http://gifok.net/images/2013/04/24/v4t65.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/24/Qjwqo.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/24/FnZe.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/24/eFBpV.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/24/lozmX.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/24/49ZlU.jpg

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: