ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбайұлы «Тараз-Ғасыр» колледжінде «Еліміздің заңына өлім жазасын енгізу керек пе?» тақырыбында ұйымдастырылған жиналыста болып, студенттермен кездесті.
Әуелі жиналыс жастар тәрбиесі туралы өрбіп, соңында еліміз заңына өлім жазасын енгізсе дұрыс па деген сөз жарыс болып, білікті ұстаздармен психологтар өз көзқарастарын білдірді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен қоғамдағы жастар арасындағы құқық бұзушылық жағдайын талқылап, талдау жасап, келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен жастар өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет екенін ортаға салысып, алаштың айбынды даласы Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі өз орынын ерекшелікпен әйгілеу үшінде, болашақ жастарды біліммен қаруландыру керектігі жайлы ұлағатты ұстаздардың ойы ортаға салынды.
Наиб имам сөз кезегінде, мұсылман - қол астындағылардан жауапкер болады. Хадис шәрифтерде былай делінді: «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» (Мүслим) деп келеді, сондықтан жастарымыздың имандылыққа тәрбиелеп өсірсек, олардың жүрегі жас, таза кезінде қалай баптасақ солай өседі.
Мұғалімдерде балалардың екінші ата-анасы секілді. Сондықтаны ұрпақ тәрбиесіне барлғымыз жауаптымыз. Құранда жаза келтіруге байланысты он шақты аят кездеседі. Соның бірінде: «Кәпірді көрген жерлеріңде өлтіріңдер», - делінген. Бірақ бұл аят Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) тұсында, соғыс алаңында түскен. Мағынасы «шайқас кезінде жолыңда кездескен кәпірді сен өлтірмесең, сені өлтіреді» дегенге саяды. Сондықтан айдың-күннің аманында, асығыс арпалысып, өз қолымыздан келмес шешімдерді талқылаудан гөрі, бұндай мәселені құзырлы органдар талқылайтын мәселе екенін түсіндірді.
Көгедай Шәмерханұлы