ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесінде бұдан 1 ай бұрын қала, аудандардан ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, аталмыш мешіттің бас имамы Жұмабев Данияр қажы Әлимұхамедұлы Діни басқарманың тапсырмасына негізделе отырып, 20 имамды даярлап, екі айлық білім жетілдіру курсын ұйымдастырған болатын. Сол 20 имамның ішінен үздік шығып, ерекшеліктерімен көзге түскендерін саралап, оларды мешіттерге тағайындау үшін, ҚМДБ-ның білікті мамандары келіп, имамдарды жеке-жеке біліктілігін анықтап, құжаттарын тексеруден өткізді.
Тексерушілер құрамында ҚМДБ-ның Дін істер бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы, кадрлар бөлімінің меңгерушісі Бекмұратов Байұзақ Орынбасарұлы қатарлы кісілер болды. Мамандар аттесттациядан жақсы баға алған имамдарды бұйрық бойынша мешіттерге орналастырып, дініміздің өркендеуіне атсалысу керектігін жүктеді.
Өкіл имам Данияр қажы имамдардың алғашқы қадамына сәттілік тілей отырып, бұдан кейін бірлікте, ынтымақта болып, Діни басқарманың бекіткен бұйрықтарын толық орындап, халықтың діни танымын жоғарылатып, болашақ жастарды имандылыққа шақырып, жастардың сауатын арттыру үшін өздері қызмет атқарған мешіттерде, сауат ашу курстарын ұйымдастыру керектігін жеткізді.
Көгедай Шәмерханұлы