Шу ауданы, Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы қазақ орта мектебінда Магниттік мектептерден келетін (Т.Рұсқұлов о,м., Алға о.м., Т.Әшімбаев о.м., М.Маметов о.м., Ә. Молдағұлова о.м.,) оқушыларымен «Адамгершілік - рухани байлық» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Оған мектеп оқу ісінің меңгерушісі Асанова Айгүл, аудандық «Төле би» мешітің найб имамы Мусаев Куандық және басқа метептердің ұстаздары қатысты. Кездесу кеш барысында алдыменен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі Айгүл Асанова «Адамгершілік - рухани байлық» тақырыбында баяндама жасап, тәлім-тәрбиеге қатысты ойын ортаға салды.
Өз кезегінде аудандық мешіттен шақырылған найб имам Қуандық Мусаев жиналған оқушыларға адамгершілік, мейірімділік, инабаттылық жайында жастарды имандылыққа баулу төңірегінде әсерлі уағыздар айтып, тәрбиенің бастауы Исламда екенін түсіндірді. Кездесу соңында имамға әр мектептен келген оқушылар өзінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.
Шу ауданы «Төле би» мешітінің
баспасөз қызметі.