Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылындағы Абай атындағы орта мектепте аудан имамы Қуат Үрпеков жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл молдасы Зият Исаев, мектеп директоры Фарида Сыздықова және ұстаздар қатысты.
Оқушылар мен негізінен Исламдағы жастар тәрбиесі ата-ананы құрметтеу және еліміздегі қазіргі уақытта үдеп кеткен тексіз секталар мен діни ағымдар туралы сөз болды. Аудан имамы өз сөзінде ең әуелі Аллаға иман еткеннен кейін, ата-ананы сыйлау, оларға құрмет көрсетіп «Жәннәт аналардың аяғының астында» екенін, яғни екі дүниенің бақытына ата-ананы құрметтеу арқылы жететіндерін айтып өтті.
Оған қоса мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап Жаратушы Иемізді танып асыл дініміз Исламның құндылықтарын үйренсек, ертеңгі күні жоғары оқу орнына түскен кезде алдымыздан шығатын тексіз секталар және діни ағымдардың ақ пен қарасын ажырата аламыз деді. Аудан имамы ұстаздар мен оқушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.
Р.Сәрсенов