Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Құмөзек ауылындағы мешіт жамағатымен кездесуін өткізді. Кездесуге мешіт жамағаты, ауыл қариялары, ауыл әкімі қатысты. Аудан имамы мешіт жамағатына ең әуелі халық арасындағы ауызбірлікті сақтау, Ислам дініміздің басты мақсаты екенін айтты.
Ауыл молдасы Қ.Ердосовқа жастармен қарым-қатынасты нығайтып тығыз байланыста болуын және мешітте жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Оған қоса облыстық өкілдік тарапынан берілген бірнеше тапсырмаларды жүктеді. Алдағы уақытта облыстық мешіттің жанынан ашылған медресеге шәкірт дайындау тапсырылды.
Жиналған жамағат тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға аудан имамы жауап берді. Ауыл қариялары жүздесуге келген аудан имамына алғыстарын айтып, ақ баталарын беріп шығарып салды.
Р.Сәрсенов