ҚМДБ-ның бастамасымен еліміздің әрқайсы облыстарында қолға алынған игі бастама семинардың маңызы зор екенін жалпымыз білеміз. Осындай іс-шара ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде де жалғасын тауып, қала және аудандардың бас имамдарының басын қосқан бір апталық семинар өткізілуде.
Семинар басталған алғашқы күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы Әлимұхамедұлы семинарға жиналған имамдарға: «Қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктің алдын алып, асыл дінімізге қара жапқандардың жолын кесіп, бейбітшілігіміздің қасиетін қашырмай, ауыз біршілік сақтап, салихалы ғұмыр кешіру барлық халқымыздың асыл мұраты. Мұсылман баласы, Алланы әр күн еске алып, тіршілік деп құлшылығын естен шығарып қоятын болса, ол адамның қателескені. Жаратушының адам баласына жүктеген міндетін толық атқармайынша, алдыға бір қадам басуда мүмкін емес. Жүректе сенім, көзқарасқа туралық болмай, өз ойының жетегімен кетіп, соңында сан соғып жатқан қаншама азаматтарымыз бен қаракөздеріміз бар. Ал осы қоғамда ойландыратын мәселелердің алдын алып, жақсылыққа жол нұсқайтын бңілікті азаматтар болмаса да бекер. Ең әуелі ауыр міндет дін өкілдеріне жүктеледі. Дін өкілі болған имамдар білітілікпен шешім шығарып, кішпейлділікпен түсіндіріп отырса, көкейінде көп сауал жүрген бауырларымыздың шөлін басқан болар еді. Халықтың діни сауатын жоғарлатып, асыл дінімізге деген жаңсақ көзқарасына айықтырып, жақсылыққа шақырып. Дініміздің адам баласына екі дүниеде бақыт беретін кәусар бұлақ екенін сүйіншілесе, ауыз біршілік ешқашан бұзылмайтын болар», - деп түсіндіре келе, әр имамдардың жеке-жеке ұсыныстарын ортаға қоюын талап етті.
Имамдардың басын қосқан бұл семинардың өзгешелігі, арнайы білікті мамандардан дәріс тыңдап, біліктілікті арттырумен қатар, жаңа ұсыныстар болса ортақ талқылап, теріс ағымдарға қарсы тұрудың жолын ақылдасу.
Имамдарға сабақ беруге, арнайы ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков мазхабтар тарихы туралы тереңірек тоқталып, ақида маселелері туралы сабақ жүргізіп, пікір алмасуға келді. Сонымен қатар медресенің ұстаздары да сабақ беру керектігін өкіл имам Данияр қажы арнайы күн тәртібіне қойды. Осы семинардың жалпы жағдайын ұғыну үшін бірнеше аудан имамдарын сөзге тартқан едік.
Алиев Нұрсұлтан (Талас ауданы «Қаратау» орталық мешітінің бас имамы): «Бұл семинардың берері көп деп ойлаймыз. Себебі біздің облыстағы барлық аудан имамдарының басын қосып, осындай жақсы орай жаратып, пікір алмасудың пайдасы көп, біз әрқайсы ауданның тыныс-тіршілігін, діни ахуалын ұғысып, өз ойларымызды ортаға салумен қатар, білікті мамандардан пайдалы кеңестер алудамыз. Бұрынғы оқығандарымызды қайтадан еске түсіріп, ой елегінен өткерудеміз».
Алмаханов Аят (Шу ауданы «Төлеби» мешітінің бас имамы): Осы семинар болады дегенде қатты қуандық. ҚМДБ- ның дін қызметкерлерімен басшыларға, ұйымдастырушы ұстаздарға алғысымыз шексіз. Бұл семинарда жат ағымдарға қары тұрудың жолдары кеңінен талқыланып, олардың шыққан тарихы туралыда мәліметтерге ие болдық. Егемен еліміздің зайырлы қоғамындағы имамдардың атқаратын қызметімен жауапкершілігін толықтай түсіндік. Жақсырақ пікірлер алмасып, алдағы күндерге жүйелі жоспар жасадық.
Шалбаев Жалил (Қордай ауданы «Қордай-Ата» мешітінің бас имамы): «ҚМДБ-ның тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы толықтай бір жүйеге құрылғаны қуантады. Өткен жолы Қордай ауданында өткен «Таблиғ жамағаты» туралы конференцияда өзінің жемісін берді деп толықтай айта аламын. Кейбір «сол жамағаттанбыз» деп жүрген азаматтар райынан қайтып, мешітімізге келіп, қателік өткізгендеріне өкінетіндіктерін түсініп, өздерінің сол өткен конференцияға деген алғыстарында жеткізіп жатты. Бұл семинардан алған сабақ, қорытқан тәжірибелеріміздің ертең ауданға қайтқанда, ауыл имамдарының басын қосып ойымызды бөлісетін боламыз. Еліміздегі имам ағзам мазхабы бағытының күн сайын өркендейтіндігіне сеніміміз кәміл».
Көгедай Шәмерханұлы