Бугін Шу аудандық ішкі саясат мекемесінде «Жат діни ағымдардың айырмашылығы» жайында кездесу өтті. Кездеуге Шу аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Е.Иманбаев Шу аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы Қ.Мусаев, ұлттық қауіпсіздік комитетінің маманы М.Қазбеков және т.б. мамандар қатысты.
Бірінші болып аудандық ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімінің қызметкері Қазбеков Мақсат сөз сөйлеп келген мамандарды таныстырып, арнайы шақырылған мамандарға сол жерде жиналған ішкі саясат бөлім қызметкерлеріне не себеппен жиналғанын айттып өтті.
Ондағы қарастырылған мәселелер соңғы жылдары ел арасындағы сөз боп жүрген ағымдар мәселесін қозғап, соның ішінде таблиғ жамағаты қандай ағым екенін талқыланды.
Келесі сөзді Шу ауданы «Төле би» мешітінің найб имамы Қ. Мусаев өз сөзінде жат ағымдар жайлы айтып оның ішінде зиянды салафиттік және тәкфирлік ағымдардың аса қауіптілігін ескертіп және де таблиғ жамағатының қандай екенін оның басқа ағыммен айырмашылығы неде екенін Пайғамбарымыздың с.а.у. сахабалардың, табиғиндердің өмір тарихтарын айта отырып салыстырмалы түрде кеңінен түсіндіріп айттты.
Сөз соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Е.Иманбаев өз саласы бойынша аталған бағытта баяндама жасап каралған мәселелерді өз уақытысында қолға алуын кадағалуын айтып өтті. Кездесу соңында әр түрлі ағымға байланысты келген имамға ішкі саясат басқармасының қызметкерлері артынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шу ауданы «Төле би» мешітінің
баспасөз қызметі.