Имамдардың бір апталық семинары басталды.

Имамдардың бір апталық семинары басталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде қала, аудан бас имамдарының бір  апталық семинары басталды. Мұнда 30-ға жуық имам қатысуда.
Семинарға еліміздегі дін саласындағы білікті мамандар  шақырылды.  Семинарда қазіргі таңдағы дініміздегі өзекті мәселелер мен түйіткілді сұрақтарды ортаға салып, жан-жақты талқылап, ұстаздардың біліктілігімен бөлісу үшін  ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смаил Сейтбеков мазхабтар тарихынан лекция оқыса,  Алматы қаласы орталық мешітінің найб имамы Ерсін Әміре теріс ағымдардың шығу тарихына тоқталады, Алпысбаев Ерғали Құран ғылымы пәнінен дәріс оқиды.


Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы әрі медресе директоры Данияр Жұмабаев Құран Кәрімнің дұрыс оқылуын қадағаласа, Мысыр елінен  келген Хусейн Юнус ұстаз Құран ғылымынан  дәріс береді, ал ұстаз  Бауыржан Отарбаев Хадис ілімін талдады.
Семинардың мақсаты қырық жыл ұстаз болсаң да, қырық минут дайындал дегендей, біліктілікті арттыру. 


«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: