Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы аудандық орталық мешітте ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттің молдалармен кездесу өткізді. Аудан имамы жиналысқа қатысқан барлық молдаларға ҚМДБ-ның бір қатар тапсырмаларын міндеттеді.
Атап айтқанда, сауат ашу курсы жұмысын жандандыру, мешіттегі тәртіпті қадағалау, тазалыққа көңіл бөлу. Келген жамағатқа немесе мешіт жамағаттарына шынайы жанашырлық танытылып, оларға дөрекі сөйлемей, мешіт қызметкерлері тарапынан жіті көңіл бөлініп, әдеп пен құрмет көрсетіліп, көркем уағыз айтып, жылы қабақ танытып, шынайы жанашырлықпен сұрағына жауап беруін, молдалар арасында қарым-қатынас нығайту сынды бір қатар тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, имамдар күнделікті атқарып жатқан жұмыстарды жүргізу барысында аса ыждаһатталық танытуы, имамдар мешіттің күнделікті жұмысы, намаз оқу уақыттары, кезекшілік кестесі, жарғы бойынша жұмыс істеуі, жұмыс орнында болу, тазалықты сақтау, намаз кестесін бекіту істерін де берік тапсырды.
Қ. Мұсаев, Шу ауданы
«Төле би» мешітінің найб имамы.