- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 6336
Тазалық ізгі қасиет мұсылманға.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» мешітінің бас имамы, Жадраев Сұлтаншәріп қажы, аудандық орталық мешітінің қызметкерлері мен жамағатын ұйымдастырып қалада алғашқылардың бірі болып сенбілік тазалығын өткізді. Тазалық туралы айтар болсақ. Мұсылман баласына, Намаз оқу үшін дәрет алып тазалық жасаудың міндеттелгені де тегін емес. Дәрет алмаған жан намаз оқи алмайды. Мәселен, Құрандағы мына аят дәретке, тазалыққа ерекше көңіл бөлетін Құба мешітіндегі сахабалар жайлы түскен: «Алғашқы күннен-ақ тақуалық негізінде құрылған мешітте (Құба мешіті) намаз оқығанның әлбетте ең дұрысы. Онда тазарғанды жақсы көретін адамдар бар. Аллаһ барынша тазарушыларды ұнатады». Міне игілікті ізгі амалды дін қызметкерлерінің елден бұрын ойланып, ғибадат орындары маңайларын тазалауға шыққандары да сондықтан. Кейде тазалық жұмыстарына орталық мешіттің жамағаттары да өздері белсенділік танытып, көмек қолын созып тұрады екен. Сұлтаншәріп қажы мұндай тазалау жұмыстары тек сенбілікте ғана қолға алынбайды. Басқа күндерде атқарылатын жұмыс. Тазалық болмаған ортада , иман болмайды. Құлдың ғибадаты тазалықпен бірге атқарылатынын айтып өтті. Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» мешітінен
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.