Жалпы қалалық сенбілікті Жамбыл облысында әр көктем сайын өткізу, жақсы дәстүрге айналған. Осы күні барша халық қалалық саябақтарда бірігіптазалық жұмысын істейді. Бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде, Тараз қаласы жылдан жылға тотыдай түрленіп, көркейіп гүлденіп келеді.
Тараз қаласының көрінісінеруханиәрі мәдениетіне нәр қосқан облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінде, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмабев Данияр Әлимұхамедұлы медресе шәкірттерін және ұстаздарын ұйымдастырып мешіт ауласында тазалық жұмысын өткізді. Өкіл имам жасаған ортаны қорғау, таза, ретті ұстауда салауатты өмірдің бір бөлігі, «Тазалық иманның жартысы» деп айтылудың да аса маңыздылығы осында.
Біз дін өкілдері тазалыққа мән беріп, елге бастама болсақ,шәкірттерде ертең осы ізгі бастаманың жалғаушысы болатынына сенімді, жалпы халықтың жиналып құлшылық ететін орны мешіттерді таза ұстап, бау-бақшасын ретке келтіру, жамағатқа қолайлылық жасап отыру, мешіт имамдарының міндеті екенін атап көрсетті.
Көгедай Шәмерханұлы
Hibatulla.kz