Экстремизмге қарсы бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру мақсатындағы жиын.

Экстремизмге қарсы бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру мақсатындағы жиын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қордай аудандық ішкі істер басқармасының мәжіліс залында Қордай ауданы бойынша  ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімі қызметкерлері мен  Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбайдың бірлесе ұйымдастыруымен «Жат ағымдарға, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес» атты жиналыс өтті. Жиналысқа аудандық прокуратура, сот, полиция, қаржы полициясы және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты. Бірінші болып аудандық ІІБ-ның бастығы орынбасары подполковник Е.бдрахманов сөз алып, жиналыстың мақсатымен және арнайы шақырылған мамандармен таныстырып өтті.

 

Келесі болып аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Д.Абдибаев сөз алып, елдегі ахуалды түсіндіріп Астана қалалық сотының шешімімен «таблиғ жамағат» атты миссионерлік топтың экстремистік болып жарияланғандығын жиналған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жеткізді. Сөз барысында Д.Абдибаев мырза өкінішке орай елде орын алған лаңкестік әрекетерге тоқталып, осындай теріс іс-әрекеттерді болдырмау жолдарын талқыға салды.


Келесі болып Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбай сөз алды. Өз сөзінде имам жат ағымдар жайлы айтып оның ішінде зиянды салафиттік және тәкфирлік ағымдардың аса қауіптілігін ескертіп, олардың келбетінде, дінді түсініунде, ақидасындағы   айырмашылықтарға тоқталды. Діни мәселелерде шет елдердің діни пәтуасына емес елімізде жалғыз тіркелген, мемлекет қолдауына йе болып отырған ҚМДБ пәтуасына және ҚМДБ-ның  төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  пәтуаларына жүгіну керектігін атап өтті. Жиналыс барысында Бас имам Ә.Шалбайға құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан  мешіттерде бала оқыту жайлы, жат діни ағымдар жайлы т.б өзекті сұрақтар қойылды. Бас имам өз тарапынан мешіттерде бала оқыту бұл ҚМДБ бұйрығы бойынша әрбір мешітте сауат ашу курстары жүргізілетінін айтып, тек қана халықтың, оның ішінде өскелең ұрпақтың діни сауатын ашу арқылы жат ағымдардан сақтантынымызды айтып, жат ағымдармен тиімді күресу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері де діни сауатын ашу керектігін айтты. Осы мақсатта ауыл, аудан имам-молдаларымен кеңесіп іс атқаруға шақырды. Бірақ сауат ашу курсы аясында мешіттерде балаларды түнетіп оқытуға болмайтынын Ә.Шалбай ескертті. Жиналыс барысында Масаншы, Сортөбе және Аухатты ауылдарында бекітілген полиция және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне негізінен дүнген ағайындар шоғырланған осы елді мекендерде  жат діни ағымдармен күресу, барынша тыныштықпен бейбітшілікті сақтауға бар күштерін салу тапсырылды.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/04/05/KJIcz.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/05/0dNoC.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/05/suBRl.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/05/vegu0.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: