ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдар құрамы тағы бір имаммен толықты. ҚМДБ-ның мақұлдаған бұйрығы бойынша, аталмыш мешітке Нарымбетов Еркебұлан Полатбекұлы наиб имам болып тағайындалды.
Еркебұлан осыдан бұрын ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің меңгерушісі, Тараз қалалық «Әулие-Ата» мешітінде наиб имам, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылындағы «Мұрат-Баба» мешітінде бас имам қызметтерін ойдағыдай атқарып, жауапкершілігін сезініп, елдің ықыласына бөленген болатын.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажы Әлимұхмедұлы жаңа қызметке тағайындалған найб имамға алғашқы Жұма уағызын айтқызып, жамағатпен таныстырып, жаңа қадамына сәттілік тіледі және алдағы уақытта дініміз үшін жемісті қызмет атқаруына сенім білдіретіндігін жеткізді.
Көгедай Шәмерханұлы.
hibatulla.kz