Ақиқатты тану адамдықтың белгісі.

Ақиқатты тану адамдықтың белгісі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітіне  18  жасар Эдуард Тен  Экспра есімді кәріс азаматы келіп ислам дінін қабылдады.  Дінді қабылдаған  жігіттің туған жері Жамбыл облысы, Тараз қаласы. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы  Д.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінің заң институтының 1 курс студенті.

 

Ислам дінін қабылдағалы келген жігітке «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Аманбаев Ержан Маханұлы ата дініміздің асыл қасиеттерін түсіндіріп, калима шаһадат айтқызып, иманның шарттарын түсіндірді.

 

Найб имам діндес бауырының сұранысы бойынша, азан шақырып,  қазақша Едіге деген есім қойып берді. Эдуард алдағы күнде жаратқанның мұсылман баласына жүктеген парыздарын өтейтінін, арнайы мешіттен келіп діни білімін жетілдіретіндігін айтты. Найб имам діндес бауырына қазақы тақия сыйлап, алда көңіл толғандыратын сұрақтары болса, тек мешіттің арнай дін өкіледерінен сұрауын, ҚМДБ-ның мақұлдауынан өткен кітаптарды оқып тұруына кеңес берді.


Көгедай Шәмерханұлы
                                                                                                                www.hibatulla.kz
                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: