30.03.2013 Иманы жоқтың зияны көп.

30.03.2013 Иманы жоқтың зияны көп.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында, ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі, Смайыл Сейтбеков «Қордай-Ата» мешітінде, Жұмаға жиналған жамағат қауымға, Облыс көлемінен жиналған аудан имамдарына, дініміздің асыл қасиетін түсіндіріп, Жат ағымға жалыпымыз қарсы тұрып, Отанымыздың тыныштығын бұзушы кері топтарға жол бермеуге, Адам құқығына сұғанақтық жасайтын заңсыз топтарға, заңдық тұрғыдан жол бермей, Пайғамбардың сүннетіне сай өмір сүрсек, шариғи үкімге қарсы шықпай мойынсұнып, дін өкілдері келеңсіз жағдайға тап болғанда, ҚМДБ-ның пәтуасін басшылыққа алып, біліктілікпен шешім шығарғаны дұрыс деп түсіндіре келе, жамағатқа діни кітаптарды оқығанда,  ҚМДБ-ның арнайы сараптамасынан өтіп мақұлданған кітаптарді оқыса, бүгінгі таңдағы көп адамдар ақпарат алу үшін қолданып жүрген ғаламторды дұрыс таңдай білсе, заңсыз, кері ағымдардың сайттарына аңғармай кіріп, мағынасыз жылтырақ сөзіне нанып, соңында еліміздің ұстанатын діни бағыты Ханафи мазхабына қарсы шығып, салт-дәстүрімізді қастерлемей,  өз бетімен адасушылыққа баратыны алаңдатады. Сондықтан сұрақтарына жауап алу үшін арнайы дін өкілдерінен сұраса, ҚМДБ-ның арнайы сайттарынан мәлімет алып отырса, ешқашан бөтен жолға түспейтіндігін жеткізді. Жұма намазын, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабев Данияр қажы Әлимұхамедұлы жүргізіп, Смайыл Сейтбеков намаз соңында мұсылман әруақтарына дұға жасады.

 

hibatulla.kz
                                                                          Көгедай Шәмерханұлы

 

../pic/korday/8.jpg

 

../pic/korday/9.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: